Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді алу жеңілдетілді: жаңа формат іске қосылды

ЦОН, центры обслуживания населения, egov, егов, цифровые документы, ЭЦП, электронная цифровая подпись, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2026 16:56 Фото: akorda.kz
Бүгін, 2026 жылғы 5 маусымда "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жағымды жаңалықпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, Ұлытау облысы Қазақстандағы Smart Point жаңа цифрлық ХҚКО форматы іске қосылған алғашқы өңір болды. Бұл жоба цифрлық сервистерді дамытуға және азаматтардың мемлекеттік қызметтерді өздігінен алу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

"Smart Point – тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді өздігінен алуға, құжаттарды цифрландырып жіберуге, күрделі қызметтер бойынша мамандардан кеңес алуға, сондай-ақ цифрлық сауаттылықтарын арттырып, жаңа электрондық сервистерді меңгеруге мүмкіндік беретін заманауи жоғары технологиялық кеңістік",- делінген ақпаратта.

Ведомство атап өткендей, мұндай формат қызмет алу уақытын қысқартып, қызмет көрсету үдерісін ыңғайлы ете түседі және мемлекеттік цифрлық мүмкіндіктердің қолжетімділігін арттырады.

Жаңа орталыққа "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев пен Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков арнайы барып көрді.

Бұған дейін WhatsApp-та жаңа функция пайда болатындығын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: