26.06.2026 күніне 4 мыңнан астам жұп неке қиюға өтініш берді

Свидетельство о заключении брака, брак, свидетельство о браке, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2026 11:38 Фото: Zakon.kz
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы баспасөз қызметі 2026 жылғы 26 маусымда некесін тіркегісі келетін қанша қазақстандық жұп өтініш бергенін хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Биылғы жылдың ең сұранысқа ие "әдемі күндерінің" біріне – 26.06.2026 күніне некені мемлекеттік тіркеуге өтініш қабылдау 11 маусым, бейсенбі күні аяқталған.

"Дәстүр бойынша ерекше цифрлар үйлесімі бар күндер болашақ жұптар арасында жоғары сұранысқа ие болады... 26.06.2026 әдемі күніне некені тіркеу үшін 4 мыңнан астам өтініш түсті", – делінген хабарламада.

Мемлекеттік корпорацияның дерегінше, ең белсенді өңірлер еліміздің үш ірі мегаполисі болды:

  • Алматы қаласы – 830 өтініш
  • Астана қаласы – 740 өтініш
  • Шымкент қаласы – 141 өтініш

Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтарға "әдемі күндердің" бірінде – 26.06.2026 күні некені тіркеу үшін өтінішті қашан беру керектігі түсіндірілген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: