"Аптап ыстық, қатты жел, нөсер жаңбыр". Сенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Жаңбыр, ауа райы болжамы, 6 маусым, Қазақстан, дауылды ескерту, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2026 21:28 Сурет: pixabay
Қазақстанның 17 облысында 6 маусымда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі. Шымкентте 6 маусымда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістанда 6 маусымда жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 6 маусымда жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың шығысында, таулы аудандарында батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 6 маусымда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 6 маусымда күндіз кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі.

Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 6 маусымда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 6 маусымда күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 6 маусымда кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Атырауда 6 маусымда күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі.

Ұлытау облысында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 6 маусымда жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қарағанды облысының шығысында аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 6 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 35 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда 6 маусымда жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Күндіз Абай облысында 35 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі. Семейде 6 маусымда жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде және күндіз облыстың солтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда 6 маусымда таңертең және күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, түнде және күндіз тұман болады деп күтіледі.

Астанада 6 маусымда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігіндегі екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Петропавлда 6 маусымда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді.

Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда 6 маусымда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттағы екпіні - 15 м/с. Қонаевта 6 маусымда түнде және таңертең өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түндегі екпіні - 18 м/с.

Бұған дейін синоптиктер Алматы қаласы бойынша алдағы бір аптаға (6-12 маусым) арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: