Алматы қаласы бойынша алдағы бір аптаға арналған ауа райы болжамы

Алматы, ауа райы болжамы, 6 маусым, 7 маусым, 8 маусым, 9 маусым, 10 маусым, 11 маусым, 12 маусым, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2026 19:43 Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" ұсынған ұзақ мерзімді болжам деректеріне сәйкес, Алматыда алдағы күндері күн райы тұрақты түрде ыси бастайды: +32...+34°С, ал жекелеген күндер күн райы бұзылып, аракідік найзағай ойнап, жел тұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК-ның Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кісебаевтың айтуынша, қалада 6-12 маусым аралығында жаз мезгіліне тән орташа ыстық ауа райы күтіледі.

"6 маусымда найзағай ойнап, күн бұзылғанына қарамастан одан кейін жауын-шашынсыз тымық ауа райы қалыптасатыны болжанады (7-9 маусым). Содан кейін температура біртіндеп көтеріле бастайды. Тек таулы аймақтарда күндізгі уақытта найзағай ойнап, күн күркіреуі мүмкін. Сондықтан ашық ауада демалуды және тауға шығуды ұнататындарға тауларда қырағы болуды ескертеміз". Дәулет Кісебаев

Сонымен қатар, синоптик 8 маусымға дейін сынап бағаны мына шекті қамтитынын айтады: +30...+32°C, ал ең ыстық күндер 9 және 10 маусымға сай келеді: +32...+34°C.

"Бірақ аптаның соңына қарай ауа температурасы күндіз +30...+32°С дейін біртіндеп төмендейді. Күндіз 10 және 12 маусымда найзағай ойнап, тұрақсыз ауа райы белең алады, соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды деп болжанады". Гидрометеорологиялық орталықтың өкілі

Тұтастай алғанда, аптада күн райы ыстық болады деп күтіледі.

Алматы бойынша 2026 жылғы 6-12 маусымға арналған ауа райы болжамы:

  • 6 маусым: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, кей тұста - 15 м/с. Ауа температурасы түнде: +16...+18°С, күндіз: +23...+25°С.
  • 7 маусым: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +16...+18°С, күндіз: +28...+30°С.
  • 8 маусым: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +16...+18°С, күндіз: +30...+32°С.
  • 9 маусым: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан оңтүстіктен батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 3-8 м/с, күндіз кей тұста - 15 м/с. Ауа температурасы түнде: +16...+18°С, күндіз: +32...+34°С.
  • 10 маусым: аспан бұлтты, күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, кей тұста - 15 м/с. Ауа температурасы түнде: +18...+20°С, күндіз: +32...+34°С.
  • 11-12 маусым: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, кей тұста - 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде: +18...+20°С, күндіз: +30...+32°С.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстан аумағы бойынша алдағы сенбі, 2026 жылғы 6 маусымға арналған ауа райының синоптикалық жағдайы мен қауіпті құбылыстарының болжамын ұсынған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: