Дүйсенбіде еліміздің төрт өңірінде аптап ыстық болатыны болжанады

Аптап ыстық, бұршақ, ауа райы болжамы, 8 маусым, Қазақстан, дауылды ескерту, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2026 17:39 Сурет: magnific.com
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылы 8 маусымда Астанада және еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлытау облысының батысында, солтүстінде аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық болып, өңірде жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 8 маусымда оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық болып, қалада жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысынның шығысында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 8 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Алматы облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарындағы екпіні 18 м/с құрайды. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта 8 маусымда жоғары өрт қаупі сақталады. 

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 8 маусымда түнде аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі.

Күндіз Түркістан облысының тауларында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз таудағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыста жоғары өрт қаупі, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі. Шымкентте 8 маусымда жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістанда 8 маусымда жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз облыстың орталығында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады, ал түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда 8 маусымда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады, түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндізгі - екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде 8 маусымда күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Жоғары өрт қаупі күтіледі.

Атырау облысының шығысында нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Атырауда 8 маусымда кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с.

Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 35 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 8 маусымда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Астанада 8 маусымда жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда 8 маусымда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі.

Павлодар облысының батысында, шығысында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық болып, облыста жоғары өрт қаупі күтіледі. Павлодарда 8 маусымда күндіз 35 градус қатты ыстық болып, қалада жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада 8 маусымда жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 8 маусымда жоғары өрт қаупі күтіледі.

Бұған дейін синоптиктер бүгін, 2026 жылғы 7 маусымда еліміздің тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайтынын ескерткен

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: