Сейсенбіде Қазақстанның барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Сурет: pixabay
Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыста жоғары өрт қаупі, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 9 маусымда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістанда 9 маусымда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады, ал түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан солтүстік-батыс ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда 9 маусымда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі.
Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады, ал түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 9 маусымда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі.
Астанада 9 маусымда кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз шаңды дауыл тұрады, бұршақ түседі деп болжанады. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде және таңертең облыстың батысында, орталығында тұман болады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтауда 9 маусымда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі
Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада 9 маусымда жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің облыстың шығысындағы екпіні 15-20 м/с қамтиды.
Күндіз Алматы облысының тау бөктерінде, таулы аудандарында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, тау бөктерінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 17-22 м/с. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық болып, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта 9 маусымда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 17-22 м/с. Күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық болып, қалада жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 9 маусымда күндіз 35 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.
Күндіз Абай облысында 35-37 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 9 маусымда күндіз 35 градус қатты ыстық болып, қалада жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының шығысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, шығысында, орталығында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз өңірде 35 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде 9 маусымда жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болып, облыста жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Павлодарда 9 маусымда күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 9 маусымда түнде және таңертең жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 35 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 9 маусымда күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 9 маусымда күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі.
Түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл болатыны болжанады. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 25 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 9 маусымда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Таңертең және күндіз Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 9 маусымда күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, ал түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады деп күтіледі. Түнде және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Петропавлда 9 маусымда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі. Түнде және күндіз оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді.
Бұған дейін cиноптиктер алдағы үш күнге (9, 10, 11 маусымға) арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын.