Қазақстанда бірден бірнеше қауіпті құбылыс күтіледі

Қазақстанда бірден бірнеше қауіпті құбылыс күтіледі , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2026 15:39 Сурет: ЖИ көмегімен жасалған
Синоптиктер алдағы үш күнге - 9, 10, 11 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК дерегіне сүйенсек, баяу жылжитын батыс циклоны Қазақстан аумағының басым бөлігіне ықпалын сақтайды.

"Осыған байланысты ауа райының құбылмалы сипаты сақталады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді және дауылды жел күшейеді, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін".

Нөсер жауын күтіледі:

  • 9-11 маусым күндері республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде;
  • 11 маусымда оңтүстік-шығысында күтіледі.
"Кезеңнің басында шығыс өңірлерде, ал кезеңнің ортасынан бастап оңтүстік-батыс өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы басым болады". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі

Күндізгі ауа температурасы:

  • еліміздің батысында +27...+35°С дейін жоғарылайды;
  • солтүстігінде +17...+28°С дейін төмендейді;

Аптап ыстық басылады:

  • солтүстік-шығысында және орталығында +25...+33°С болады;
  • оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында +27...+35°С шамасында сақталады;
"Еліміздің шығысында +32...+39°С дейін жететін ыстық ауа райы сақталады"."Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі

Бұған дейін дүйсенбіде еліміздің төрт өңірінде аптап ыстық болатыны болжанғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: