СҚО-да синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен ер адам ұсталды

СҚО-да синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен ер адам ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2026 19:41 Сурет: polisia.kz
Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер 29 жастағы Астана қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, ол Петропавл қаласында синтетикалық есірткілерді жасырын орындарға қалдыру арқылы таратумен айналысқан деген күдікке ілінген.

Жалдамалы пәтерде жүргізілген тінту барысында полицейлер ұнтақ тәрізді зат салынған 30 ораманы тауып, тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттардың 5,55 грамы "тұз" психотроптық заты, ал 29,21 грамы мефедрон екені анықталды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Заңнамаға сәйкес, оған 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері заңсыз айналымнан 14 килограмнан астам есірткі затын тәркіледі. Оның шамамен 8 килограмы синтетикалық есірткілерді құрайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: