Сидней жағажайында акула әйелге шабуыл жасады: оны сапбордшы құтқарып қалды
Сурет: pixabay
Оқиға 2026 жылғы 14 маусым күні таңертең болған. Әлем чемпионатына дайындық кезінде жаттығып жүрген Верко "Акула!" деген айғайды естіп, судағы жүзушілер тобына қарай бет алған. Оның айтуынша, бастапқыда жыртқыш адамдардың маңында ғана айналып жүрген.
Алайда көп ұзамай ол су астына әлдене тартып бара жатқан тағы бір әйелді байқап қалған.
"Суда қан өте көп болды, бұл шынымен де шошытатын көрініс еді", – деді спортшы.
Ол акуланың ұзындығы шамамен 3,5 метр болғанын айтты. Жыртқыш әйелді жіберген сәтте Верко оған өзінің тақтасына жармасуға көмектесіп, жағалауға қарай ескек есіп шыққан. Оның сөзінше, көп ұзамай зардап шеккен әйел есінен танып қалған. Сол кезде спортшы оны бір қолымен ұстап тұрып, екінші қолымен жағалауға қарай қозғалысын жалғастырған.
The Guardian басылымының жазуынша, әйелді жағалауға куәгерлер шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Дәрігерлер оның қолы мен аяғынан ауыр жарақат алғанын мәлімдеді. Зардап шегуші Сент-Винсент ауруханасына жеткізілді.