Алматы полициясы граната жарылысы туралы қауесетке жауап берді

Полиция, полицейский, полицейские, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2026 17:30 Фото: polisia.kz
Бүгін, 2026 жылғы 16 маусымда Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқу-жаттығу кезінде граната жарылып, полиция қызметкерлері ауыр жарақат алды деген қауесетке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, оқиға болған сәттен бастап жұртшылыққа жедел түрде ресми ақпарат берілген.

"Алайда осы оқиғаның айналасында түрлі жорамалдар, болжамдар мен қауесеттер тарады. Полиция қызметкерлері жаппай жарақат алды немесе ауыр жағдайда жатыр деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Оқу-жаттығу гранатасының әсер ету аймағында болған барлық азаматқа дер кезінде медициналық көмек көрсетілді", – деді ол.

Салтанат Әзірбектің сөзінше, қазіргі уақытта аталған қызметкерлер өздерінің қызметтік міндеттерін орындауды жалғастырып жатыр.

"Сондықтан олардың ауыр жағдайда екені туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді", – деп атап өтті Алматы полиция департаментінің ресми өкілі.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: