Ақмола облысында 12 адамның өліміне себеп болған өрт бойынша тергеу аяқталды

Пожар на складе, горящие склады, горящий склад, тушение склада, возгорание складских помещений, пожарный, пожарные, пожарная служба, тушение пожара, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2026 18:12 Фото: Zakon.kz
Ақмола облысының арнайы прокурорлары "Центр плова Loft" кафесіндегі өрт фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға 2026 жылғы 26 ақпанда болған. Газ баллон жарылып, одан кейін өрт шыққан. Оқиға салдарынан 12 адам қаза тауып, тағы 11 адам түрлі дене жарақаттарын алды. Сондай-ақ ғимарат иесіне аса ірі мөлшерде материалдық залал келген.

ҚР Бас прокуратураның хабарлауынша, қылмыстық жауаптылыққа кафені жалға алушысы, автогаз құю станциясының директоры және газ жеткізуді жүзеге асырған тұлға тартылып жатыр.

"Олардың әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3-бөлігімен (өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) және 306-бабының 3-бөлігімен (қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызметтер көрсету) сараланды", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ арнайы прокурорлар қауіпсіздік талаптарының бұзылуы мен орын алған ауыр зардаптардың арасында тікелей себеп-салдарлық байланысты анықтады.

Іс бойынша түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: