Жаңалықтар тізбегі
0

Ақмола облысында тас жолда жаппай көлік апаты орын алып, бір адам қаза тапты

Жол апаты, Ақмола облысы, Бурабай, Көкшетау, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2023 19:55 Сурет: Zakon.kz
Ақмола облысының полицейлері 16 көліктің қатысуымен болған жаппай жол апаты бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

29 желтоқсанда сағат 13:18-де Ақкөл аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Астана – Петропавл тас жолының 105-ші шақырымында, "Гелиос" жанар-жағармай құю бекетінің жанында жаппай жол апаты орын алғаны, қаза тапқан адам бары туралы хабарлама келіп түскен. 

Оқиға орнына шұғыл жеткен тәртіп сақшылары апат салдарынан 16 көлік, оның ішінде үш Газель, төрт жүк көлігі және тоғыз жеңіл көлік зардап шеккенін анықтады. 28 жастағы жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Әртүрлі дене жарақаттарымен бес адам Ақкөл аудандық ауруханасына жеткізілді.


Қазіргі уақытта полицейлер оқиға орнында тексеру жүргізуде. Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК-нің 345-бабы, 3-бөлігі, "Абайсызда адамның өліміне әкеліп соқтыруда көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралы қолға алынды.

Тәртіп сақшылары метеорологтар мен Ақмола облысы ПД қызметкерлерінің ауа райының күрт нашарлауы және сақтық туралы ескертулерін кейбір жүргізушілер елемей, бәрібір жолға шығатынын айтады. Осылайша, олар тек өздеріне ғана емес, жол қозғалысының басқа қатысушыларына да қауіп төндіреді. Сондықтан мамандар қазақстандықтарға дауылды ескертулерге байыппен қарауға кеңес береді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: