Қарағандыда түсік жасату қызметі үшін заңсыз ақы алынған

Обязательное социальное медицинское страхование, медицинское страхование, медицинская страховка, ОСМС, врач, врачи, доктор, доктора, медик, медики, медицина, здравоохранение, медстрахование, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2026 18:15 Фото: Zakon.kz
Қарағанды облысының прокуратурасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы заңдылықтың сақталуына тексеру жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды облысы прокуратурасының хабарлауынша, тексеру барысында әйелдерден жүктілікті жасанды түрде үзу қызметтері үшін негізсіз ақша алынғаны анықталды.

"Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аталған қызметтер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында тегін көрсетілуге тиіс, яғни МӘМС жүйесінде сақтандырылған пациенттер өз құқықтарын пайдалану мүмкіндігінен негізсіз айырылып, медициналық қызметтер үшін өз қаражаттары есебінен төлем жасауға мәжбүр болған", – делінген хабарламада.

Кейінгі 3 жыл ішінде медициналық қызметтер үшін екі рет төлем алынған 775 жағдай анықталды, олардың жалпы сомасы 22 млн теңге болды.

Әлихан Бөкейхан ауданы прокуратурасының ұсынуы бойынша 218 әйелге жалпы сомасы 7 млн теңге көлемінде қаражат қайтарылды. Қаражатты қайтару жұмыстары жалғасып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: