Шымкентте TikTok-та жала жапқан әйелге ірі көлемде айыппұл салынды

Телефон, мобильный телефон, сотовый телефон, смартфон, мобильный интернет, мобильная связь, мобильный оператор, мобильные операторы, социальные сети, соцсети, соцсеть, социальная сеть, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2026 19:21 Фото: pexels
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты жала жабу фактісі бойынша (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-3-бабының 2-бөлігі) жергілікті тұрғынға қатысты істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот мәліметінше, әйел өзінің TikTok-парақшасында видео жариялап, онда: "Жәбірленуші мені алдады, мұны басқа қолданушылар да білсін", – деп көпшілік алдында мәлімдеген. Алайда бұл сөздер азаматтың ар-намысы мен іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді тарату ретінде бағаланған.

Сот отырысында әйел өз кінәсін толық мойындап, айтқан сөздерін растайтын ешқандай дәлелі жоқ екенін жеткізді. Ал жәбірленуші заңға сәйкес қатаң жаза қолдануды сұрады.

Соттың хабарлауынша, құқық бұзушының кінәсі тараптардың түсініктемелерімен, іс материалдарымен, фото және бейнежазбалармен, сондай-ақ Шымкент қалалық сот сараптамасы институты сарапшысының қорытындысымен дәлелденген.

Жаза тағайындау кезінде сот әйелдің кінәсін мойындауы, жасаған ісіне өкінуі және кәмелетке толмаған баласының болуы сияқты жеңілдететін мән-жайларды ескерді.

Нәтижесінде сот TikTok қолданушысын кінәлі деп танып, оған 778 500 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: