Шығыс Қазақстандағы орман шаруашылығында ірі өрт шықты: ТЖМ тікұшақтарды жұмылдырды

Шығыс Қазақстандағы орман шаруашылығында ірі өрт шықты: ТЖМ тікұшақтарды жұмылдырды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2026 14:33 Сурет: видео скрині
2026 жылғы 20 маусымда Шығыс Қазақстан облысындағы Аюда шатқалында ірі өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖМ мәліметінше, Ұлан ауданындағы "Асу-Бұлақ орман шаруашылығы" КММ аумағындағы орманмен көмкерілген жерде құрғақ шөп, бұталар мен орман өсімдіктері отқа оранған.

Өртті сөндіруге Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, Төтенше жағдайлар департаментінің күштері, сондай-ақ ТЖМ-нің "Қазавиақұтқару" АҚ-ның екі тікұшағы жұмылдырылды.

Қазір өртті сөндіру жұмыстары жаяу топтардың күшімен жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар ТЖМ тікұшағы әуеден су төгуде.

Өрттің нақты аумағы анықталып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: