Атыраулық "Шерлок" атанған тергеушінің қызмет жолы

Қылмыстың әрбір ізі – шешімін күтетін жұмбақ. Ал сол жұмбақтың түйінін тарқатып, ақиқатты анықтау – тергеушінің басты міндеті. , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2026 10:26 Сурет: ҚР ІІМ
Қылмыстың әрбір ізі – шешімін күтетін жұмбақ. Ал сол жұмбақтың түйінін тарқатып, ақиқатты анықтау – тергеушінің басты міндеті.

Атырау облысы полиция департаментінің тәжірибелі тергеушісі Темірхан Қажымұратов кәсіби біліктілігі, байқағыштығы және дәлелдемелерді жан-жақты саралай білу қабілетінің арқасында әріптестері мен жұртшылық арасында "Атыраулық Шерлок" деген бейресми атаққа ие болған. Тергеуші туралы Polisia.kz сайты толығырақ тарқатып береді.

Көпжылдық қызмет жолында ол қоғамда үлкен резонанс тудырған бірқатар ауыр қылмыстық істерді тергеп, олардың жан-жақты әрі объективті зерттелуіне елеулі үлес қосты. Солардың қатарында қоғам назарын аударған Яна Легкодимоваға қатысты қылмыстық іс те бар.

Темірхан Қажымұратов жүргізген істердің ішінде Жылыой ауданында 7 жастағы қыз балаға қатысты жасалған аса ауыр қылмыс ерекше болды. Тергеу барысында жиналған дәлелдемелер мен жүргізілген процессуалдық іс-шаралардың нәтижесінде сот кінәлі деп танылған тұлғаға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сондай-ақ Индер ауданында екі сәбидің қаза болуына байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша да тергеу жұмыстарына қатысып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға атсалысты. Іс бойынша жиналған дәлелдер сотта жан-жақты қаралып, нәтижесінде айыпталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Оның өндірісінде болған тағы бір резонансты іс – Қызылқоға ауданының Жангелдин ауылында бір отбасының төрт мүшесінің қаза болуына қатысты қылмыстық іс. Тергеу толық аяқталып, іс сот қарауына жолданды.

Қазіргі уақытта сот талқылауы жалғасып жатыр. Әріптестері Темірхан Қажымұратовты жоғары жауапкершілігімен, сабырлы мінезімен және өз ісіне адалдығымен ерекшеленетін маман ретінде сипаттайды. Оның пайымынша, тергеушінің басты міндеті – істі қысқа мерзімде аяқтау емес, барлық дәлелдемелерді мұқият жинап, оқиғаның ақиқатын анықтау және әділ сот төрелігін жүзеге асыруға берік негіз қалыптастыру. Көзге көп көріне бермейтін, бірақ үлкен жауапкершілік пен кәсіби шеберлікті талап ететін тергеуші еңбегі қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуде айрықша маңызға ие.

Ал Темірхан Қажымұратовтың кәсіби жолы – заң үстемдігі мен әділдік қағидаттарына адал қызмет етудің жарқын үлгісі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: