Тоқаев ЕО көшбасшыларымен бірге қандай құжаттарға қол қойды

Тоқаев ЕО көшбасшыларымен қандай құжаттарға қол қойды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2026 20:00 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомар Тоқаев ЕО көшбасшыларымен кездесу қорытындысы бойынша бірнеше құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Еуропалық кеңес Президенті Антониу Коштаның және Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйеннің қатысуымен мынадай құжаттарға қол қою рәсімі өтті:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Еуропалық Одақ арасында "Әуе тасымалының кейбір аспектілері туралы" келісім;

2. "Air Astana" АҚ мен Airbus компаниясы арасында 50 әуе кемесіне дейін тапсырыс беруге қол қою рәсімі;

3. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі арасында интеллектуалды көлік жүйесін енгізу және "Е-жолдары" цифрлық платформасын жасақтауға грант бөлу жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

4. "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ мен Еуропалық инвестициялық банк арасында Транскаспий халықаралық көлік бағдарының бөлігі саналатын Қазақстан өңірлеріндегі жолдарды қалпына келтіруге арналған "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ жобаларын қаржыландыру бойынша меморандум;

5. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі арасында Минералдар мен металдар саласындағы озық тәжірибелік орталық құруға арналған техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: