Қазақстанда оқушыларды бағалау жүйесін қайта қарау жоспарланып отыр

Школьники, ученики, школа, школы, ученики за партой, школьный кабинет, класс, школьные занятия, уроки, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2026 20:43 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстанның Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова 2026 жылғы 26 маусымда Үкімет кулуарында бастауыш сынып оқушыларын бағалау жүйесін өзгерту мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер министрден Қазақстанда бірқатар елдердің тәжірибесін негізге алып, бастауыш сынып оқушыларын дәстүрлі бағалармен емес, стикерлер, түрлі түсті белгілер, жұлдызшалар және басқа да балама тәсілдер арқылы бағалау жүйесіне көшу жоспарланып отырғанын сұрады.

"2016 жылы критериалды бағалау жүйесі енгізілді, оның ішінде БЖБ мен ТЖБ бар. Қазір біз ауқымды талдау жұмыстарын бастадық. Байқап отырғанымыздай, бұл бағалау жүйесі енгізілген көптеген елдерде бастауыш сыныптарда БЖБ мен ТЖБ өткізілмейді", – деді министр.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Оқу-ағарту министрлігі талдау жүргізіп, бастауыш сыныптарда критериалды бағалау жүйесін мүлде алып тастау мүмкіндігін талқылап жатыр.

"Гүл, жұлдызшалар сияқты балама бағалау тәсілдеріне келсек, бұл мәселе әлі де қосымша талқыланып жатыр. Менің ойымша, осы сұраққа тамыз айында мұғалімдермен өтетін тамыз конференциясында нақты жауап береміз", – деп толықтырды Жұлдыз Сүлейменова.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: