Президент: Мемлекеттік билік жүйесі түбегейлі жаңа сипатқа ие болады

Тоқаев: Мемлекеттік билік жүйесі түбегейлі жаңа сипатқа ие болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2026 13:22 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 30 маусымда Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде еліміздің президенттік республика болып қала беретіндігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, мемлекеттік биліктің "Күшті Президент – ықпалды Құрылтай – есеп беретін Үкімет" деген базалық формуласы толыққанды институционалдық мәнге ие болды.

"Жаңарған билік тармақтарының теңгерімді жүйесінде Президент Тәуелсіздік пен мемлекет тұтастығының символы, Конституцияны және азаматтардың заңды құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың кепілі ретінде бұрынғыдай басты рөл атқарады". Қасым-Жомарт Тоқаев

Сондай-ақ, ол Қазақстан президенттік республика болып қала беретіндігін атап өтті.

"Мұны түсіну, ескеру өте маңызды. Яғни Президент – мемлекеттің ең жоғары лауазымды тұлғасы, Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы, барлық құқық қорғау органдарының басшыларын тағайындайды, елдің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды, Қазақстан атынан халықаралық аренада өкілдік етеді. Сонымен қатар жаңғырту жұмыстары парламенттік жүйені одан әрі трансформациялау тетіктерін де қарастырады". Мемлекет басшысы

Президент құрылтайдың алдында барлық бюрократиялық рәсім түріндегі кедергілерді жою, заң шығару ісінің жеделдігі мен сапасын арттыру, білікті сарапшылардың және консультанттардың қызметін тиімді ұйымдастыру міндеті тұрғанын жеткізді.

"Жаппай цифрландыру және жасанды интеллект дәуірінде Құрылтайға ұлттық заңнаманы тез өзгеріп жатқан цифрлық матрица жағдайына шұғыл бейімдеу үшін қарқынды жұмыс істеуге тура келеді. Бұл – өте маңызды. Қазақстанның жаһандық бәсекеге қаншалықты дайын екені осыдан көрінеді".Мемлекет басшысы

Бұған дейін ол 1 шілдеден бастап мемлекеттік басқару жүйесін түбегейлі жаңғырту жұмысы ресми түрде бастау алатындығын айтқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: