Аймақтағы мұнай-газ өндіретін жетекші мемлекет ретінде мықты инфрақұрылым қалыптастыруымыз қажет – Президент
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында мұнай-газ шикізатының өндірісіне тоқталып өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанның энергетикалық балансында көмір, мұнай, газ секілді отын түрлері басым.
"Көмірсутегі ұлттық экономиканың негізін құрап, бюджетке валюталық түсімнің қомақты бөлігін қамтамасыз етеді. Мұнай-газ шикізаты – экспорттан пайда әкелуімен қатар қалаларымыз бен ауылдарымызды қамтамасыз ететін бағасы қолжетімді жылу мен қуат көзі. Сондықтан біз елді мекендерге газ құбырын тартуды жеделдетуді жоспарлап отырмыз. Көгілдір отынмен қамту көрсеткішін (қазір 65 пайызға жуық) 80 пайызға дейін арттыру міндеті қойылды. Үкімет дәстүрлі қуат көздерімен бірге "жасыл" энергетикаға баса мән беріп отыр. Оның энергетикалық теңгерімдегі үлесі 7 пайызға жетті. Қарқынды өсіп келе жатқан экономиканы қамтамасыз ету үшін 2029 жылға қарай 13 гигаваттан астам жаңа қуат көздерін іске қосу жоспарланған. Осы орайда, олардың кемінде төрттен бірі жаңартылатын энергия көздері есебінен жүзеге асырылмақ". Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент атап өткендей, пайдалы қазбаларымыз, соның ішінде көмірдің мол қоры – табиғат сыйлаған артықшылығымыз саналады. Мұны толық пайдалануымыз керек.
"Сондықтан биыл наурыз айында Таза көмір генерациясы жөніндегі ұлттық жоба қабылданды. Алдағы үш жылда Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында жоғары экологиялық стандарттарға сай келетін технологияларды пайдаланатын үш жылу электр станциясын салуымыз керек. Мұны созуға болмайды. Әйтпесе істен гөрі сөз көбейіп кетті. Қазақстан әлемде уран өндіру бойынша көшбасшы және ядролық инфрақұрылымы бар ел саналады. Сондықтан атом генерациясын өте дұрыс таңдадық. 2024 жылғы тарихи референдум кезінде халық қабылдаған шешім, шын мәнінде, өркениетті сипатқа ие. Бұл – елдің энергетикалық дербестігінің кепілі, қуатты көп тұтынатын келешек цифрлық экономиканың сенімді тірегі. Келесі жылы алғашқы атом электр станциясының құрылысы басталады".Қасым-Жомарт Тоқаев
Бұған дейін президент Цифрлық Қазақстанды құрудың негізгі алғышартын атаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript