Алаяқтар жаңа айлаға көшті: жеке деректеріңізді қалай қорғауға болады
Фото: freepik
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды телефон арқылы жасалатын алаяқтықтың жиілегені туралы ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның мәліметінше, Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері азаматтарға қандай да бір хаттың келіп түскені туралы хабарлап телефон соқпайды, құжаттарды пошта немесе курьер арқылы алуды ұсынбайды және 1414 нөмірінен келетін SMS-кодтарды қоса алғанда, ешқандай растау кодын сұрамайды.
Сондай-ақ комитет өкілдері ешқашан растау кодтарын, құпиясөздерді, банк картасының деректерін немесе басқа да жеке мәліметтерді талап етпейді.
Егер сізге осындай қоңырау шалынса, Мемлекеттік кірістер комитеті:
- SMS арқылы келген кодтарды және жеке мәліметтерді ешкімге айтпауға;
- жіберілген сілтемелерге өтпеуге және белгісіз қосымшаларды орнатпауға;
- әңгімені бірден тоқтатуға;
- қажет болған жағдайда Мемлекеттік кірістер органдарына ресми байланыс арналары арқылы өзіңіз хабарласуға кеңес береді.
Комитет азаматтарды қырағылық танытуға, мұндай алаяқтық тәсілдері туралы туған-туыстары мен жақындарын ескертуге және тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге үндеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript