Алматыда 13 мыңнан астам көліктің зиянды шығарындысы нормадан асқан

Алматыда 13 мыңнан астам көліктің зиянды шығарындысы нормадан асқан, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2026 17:12 Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы экобекеттерінде жыл басынан бері көлік шығарындыларының белгіленген нормадан асқан 13 мыңнан астам жағдайы анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Ренессанс плюс" ЖШС өкілдерінің мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері Алматыдағы 19 стационарлық экологиялық бекетте автокөліктердің пайдаланылған газдарына 116 мыңнан астам тексеру жүргізілді.

Мониторинг нәтижесінде улы заттар мен түтін шығарындыларының белгіленген нормативтен асқан 13 076 жағдайы анықталды. Әсіресе, Алатау және Наурызбай аудандарында ең көп заңбұзушылық тіркелген.

"Ренессанс плюс" ЖШС мәліметінше, автокөлік шығарындыларына мониторинг тұрақты түрде жүргізіледі. Бұл жұмыс көлік құралдарын техникалық байқаудан өткізу кезінде қойылатын талаптардың сақталуын бақылауға бағытталған.

"Жүргізіліп жатқан мониторингтің мақсаты – шығарынды мөлшері белгіленген нормадан асатын көлік құралдарын анықтау, атмосфералық ауаның ластану деңгейін төмендету және ауаны қорғау шараларының тиімділігін арттыру", - делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: