Алакөлде тоғыз адамнан тұратын отбасы құтқарылды
Сурет: primeminister.kz
Жетісу облысындағы Алакөлде құтқарушылар тоғыз адамнан тұратын отбасыға, оның ішінде жеті балаға көмек көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қатты желдің кенет күшеюіне байланысты демалушылар Ақши ауылы маңындағы, "Көктем Гранд" демалыс аймағына жақын орналасқан қайраңда қалып қойған. Олар өздері жағаға қайта алмады.
Оқиға орнына Ақши ауылының Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері мен Алакөл ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің маманы жетті. Құтқарушылар қайықпен барлық демалушыны қауіпсіз түрде жағаға жеткізді.
Ешкімге медициналық көмек қажет болған жоқ.
Төтенше жағдайлар министрлігі суға шығар алдында міндетті түрде ауа райы болжамын қадағалауға үндеді. Жел күшейген жағдайда өз өміріңізді және балалардың қауіпсіздігін қатерге тікпеуге кеңес берді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript