ЮНЕСКО Қазақстан халқын Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Сурет: Zakon.kz
ЮНЕСКО басшылығы Қазақстан халқын Ұлттық домбыра күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы "Хабар 24" хабарлады.
"ЮНЕСКО Қазақстанның осы бірегей музыкалық мұраны сақтап, оны келер ұрпаққа аманат ету жолындағы қадамдарын жоғары бағалайды", – деді Ұйым бас директорының мәдениет жөніндегі орынбасары Найеф әл-Файез.
Домбырада күй тарту өнері ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне енген. Ал екі жыл бұрын Ұйымның Париждегі бас пәтерінде осы тарихи оқиғаның 10 жылдығына арналған мерейтойлық мәдени шара ұйымдастырылды. Бүгінде домбыра үні ЮНЕСКО төрінде жиі естіледі.
"Домбырамен күй тарту өнері 2014 жылдан бері ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне кіреді. Бұл бірегей музыкалық дәстүр адамдарды тарихымен, бүгінімен және бір-бірімен байланыстырады. ЮНЕСКО Қазақстанда домбыраны ерекше дәріптеуді және бұл құндылықтың ұрпақтан ұрпаққа жалғасуы үшін жасалатын қадамдарды барынша құптайды".ЮНЕСКО Бас директорының мәдениет жөніндегі орынбасары Найеф әл-Файез
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, домбыраны ұлттық бірегейліктің ажырамас бөлігі әрі халқымыздың рухын көтеретін баға жетпес мұра деп атады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript