Бекет-Атаға бара жатқан жолда жоғалған Маңғыстау облысының үш тұрғыны аман-есен табылды
Сурет: Маңғыстау облысы полиция департаменті
Бекет-Ата жерасты мешітіне барғаннан кейін хабар-ошарсыз кеткен Маңғыстау облысының тұрғындары аман-есен табылды. Олардың көлігі батпақты жерге батып қалып, әрі қарай жүре алмай, байланысқа шыға алмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметінше, автокөлік Қыдырша ата аумағынан шамамен 35 шақырым жерден табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, көлік батпақты жерге батып қалғандықтан, ішіндегі адамдар өздігінен шыға алмай, туыстарымен де, жедел қызметтермен де байланыса алмаған.
Жоғалғандарды алғаш болып Бейнеу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тапқан. Қазіргі уақытта табылған тұрғындар медициналық тексеруден өту үшін Ақжігіт ауылына жеткізіліп жатыр.
Полиция іздестіру жұмысына қатысқан барлық қызмет өкілдеріне алғыс білдіріп, іздеу операциясы полиция, төтенше жағдайлар қызметі және басқа да құрылымдардың үйлесімді жұмысының арқасында сәтті аяқталғанын атап өтті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript