Ақтаудағы жантүршігерлік жанжал: күдікті ер адамның бетіне оқ атқан
Сурет: magnific
Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп, кадрлар әлеуметтік желілерде кең тарады.
Маңғыстау облысындағы жанжал фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өңірлік полиция департаменті болған оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, жағдайдың қалай өрбігенін және күдіктінің қалай ұсталғанын айтты.
"2026 жылғы 8 шілдеде Ақтау қаласындағы мекемелердің бірінде екі келуші арасында жанжал болған. Оқиғадан кейін олардың біреуі "Аңшы сигналы" пускі сигнал құрылғысын қолданып, ер адамның бетіне жарақат келтірген. Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлады 9 шілде күні Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі.
Полицияның мәліметінше, күдікті жедел анықталып, ұсталған және уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ал зардап шеккен азаматқа медициналық көмек көрсетіліп, кейін үйіне жіберілген.