Қарағанды колледждерінің біріндегі қанды төбелес видеоға түсіп қалды

Төбелес, пышақтау, Қарағанды, студенттер, колледж, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2023 19:21 Сурет: pixabay
21 қыркүйекте Қарағандыдағы оқу орындарының бірінде төбелескендер суық қару қолданған. Зардап шеккендердің бірі ауруханаға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік басылым eKaraganda.kz Қарағандыдағы колледждердің бірінің студенттері төбелісінің видеосын жариялады. Видеода колледж студенттерінің бірі қарсыласын қуып жүріп пышақпен жарақаттайды.

Аталған ақпаратты облыстық полиция департаменті растады. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, кенеттен болған жанжал кезінде 17 жастағы студент 19 жастағы қарсыласына пышақ сілтеген. 

"17 жастағы күдікті ұсталды. Жәбірленуші медициналық мекемеге жеткізілді. Осы факті бойынша ҚР ҚК 106-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру). Тергеу шаралары қолға алынды", делінген ПД хабарламасында.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: