Қазақстанда бір күнде алты орман өрті тіркелді

Лесной пожар, лесные пожары, пожар в лесу, горящий лес, природный пожар, возгорание в лесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2026 21:53 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылғы 9 шілдеде Қазақстан аумағындағы мемлекеттік орман қорында алты орман өрті тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, өрт оқиғалары Павлодар облысында, Наурызым мемлекеттік табиғи қорығында, "Баянауыл" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде және "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында болған.

Өңірлер бойынша:

  • Жамбыл облысы – 1 өрт;
  • Наурызым қорығы – 1 өрт;
  • "Баянауыл" МҰТП – 1 өрт.
  • "Семей орманы" МОТР – 1 өрт;
  • "Ертіс орманы" МОТР – 2 өрт.

Министрлік мәліметінше, өрт ошақтары "Қазавиаорманқорғау" РМҚК-ның әуе патрульдеуі, ерте анықтау жүйелері және мемлекеттік орман күзетінің бақылауы арқылы дер кезінде анықталған. Жедел әрекет ету нәтижесінде барлық өрт қысқа уақыт ішінде толық сөндірілген.


"Өртті сөндіруге мемлекеттік орман күзеті қызметкерлері, "Қазавиаорманқорғау" РМҚК-ның әуе өрт сөндіру десанттары, тікұшақтар мен арнайы техника жұмылдырылды", – делінген хабарламада.

Ведомство өрт қаупі жоғары кезеңде азаматтарды, табиғат аясында демалушыларды және орман пайдаланушыларды өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға үндеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: