"Конституция күні ауысып кетті". Қазақстан халқы тамыз айында қанша күн демалады

Халық, Қазақстан, Конституция күні, тамыз айы, демалыс күндері, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2026 15:59 Сурет: Zakon.kz
2026 жылдан бастап Қазақстанда Конституция күні 30 тамызда тойланбайтын болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, 1 шілдеден бастап Қазақстанда 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституция күшіне енді. Осыған байланысты елімізде Конституция күнін мерекелеу күні ресми түрде өзгерді. Енді 15 наурыз мемлекеттік мереке болып саналады. Тиісті норма жаңа Конституцияның 94-бабының 2-тармағында бекітілген. Осылайша, 15 наурыз қазақстандықтар үшін жаңа демалыс күні болмақ.

Тамыз айына келетін болсақ, eGov сайтында жарияланған мереке және демалыс күндерінің күнтізбесіне сәйкес, ағымдағы жылы бұл айда ел тұрғындары бірден 10 күн демала алады. 2026 жылы тамызда сенбі мен жексенбілер 10 күнге келеді. Осы жағынан алғанда, бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар 10 күн, ал алты күндік жұмыс аптасындағылар бес күн демалады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: