"ҚазАвтоЖол" ақылы жолдарға айлық және жылдық абонемент рәсімдеу тәртібін түсіндірді

"ҚазАвтоЖол" ақылы жолдарға айлық және жылдық абонемент рәсімдеу тәртібін түсіндірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2026 19:09 Сурет: "ҚазАвтоЖол"
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы көлік иелеріне ақылы жолдармен жүруге арналған айлық және жылдық абонемент алу мүмкіндігі бар екенін хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абонемент рәсімдеу үшін көлік құралы ақылы жол учаскесіне іргелес аумақта тіркелуі қажет. Көлік құралының тіркелген жері ҚР Ішкі істер министрлігінің деректер базасы арқылы тексеріледі. Сондай-ақ жол ақысы бойынша берешек болмауы керек.

Абонементті бірнеше тәсілмен рәсімдеуге болады:

  • 1403 байланыс орталығы арқылы – таңдалған абонемент құнына сәйкес көлік нөміріне қаражат салып, операторға хабарласу қажет;
  • Kaztoll.kz сайты арқылы – жүйеге тіркеліп, көлік туралы мәліметтерді енгізіп, "Абонементті рәсімдеу" бөлімінен айлық немесе жылдық қызмет түрін таңдау керек;
  • ақы төлеу пункттері мен клиенттермен жұмыс істеу орталықтары арқылы – оператор көмегімен рәсімдеп, картамен, қолма-қол немесе интернет-банкинг арқылы төлеуге болады.

Компания мәліметінше, айлық абонемент жеңіл көліктер үшін қарастырылмаған. Оның құны көлік санатына және жолдың санатына байланысты белгіленеді.

Ал жылдық абонемент жеңіл автокөліктер үшін 1 АЕК (4 325 теңге) тұрады.

Басқа көлік түрлері үшін жылдық абонемент бағасы жол санатына қарай өзгереді. Мәселен, 16 орынға дейінгі автобустар мен жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі көліктер үшін I санаттағы жолдарда – 20 АЕК (86 500 теңге), II және III санаттағы жолдарда – 12 АЕК (51 900 теңге) белгіленген.

Ал жүк көтергіштігі 15 тоннадан асатын көліктер, тіркемесі бар жүк автомобильдері мен ершікті тартқыштар үшін жылдық абонемент құны I санаттағы жолдарда – 100 АЕК (432 500 теңге), II және III санаттағы жолдарда – 60 АЕК (259 500 теңге) болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: