Енді ақылы жолдармен жүретіндерге абонемент рәсімдеуге болады

Платная дорога, платный проезд, автомобили, грузовые машины, шлагбаумы, трасса  , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2025 14:36 Фото: Zakon.kz
"ҚазАвтоЖол" ақылы жолдармен жүретіндерге айлық және жылдық абонемент рәсімдеу қызметін ұсынды. Ол үшін көлік құралы ақылы жолдардың учаскесіне қарасты аудандарда тіркелуі қажет.

Абонементті алу үшін онлайн немесе ақы төлеу пунктіне барып өтінім беруге болады.

Бір айлық абонемент жеңіл көліктерге қарастырылмаған. 16 орынға дейінгі автобустар мен жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейін болатын жүк автомобильдері үшін 7 864 теңгеден басталады, деп жазады qazaqstan.tv.

32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейін жүк автомобильдері 15 728 теңге төлейді. Жүк көтергіштігі 10 тоннадан жоғары және 15 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін 31 456 теңге.

Ал жүк көтергіштігі 15 тоннадан жоғары жүк автомобильдері, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін 39 320 теңге.

Ал бір жылдық абонемент үшін жеңіл көлік жүргізушілері 3 932 теңге төлеуі тиіс. 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін 78 640 теңгеден басталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: