Елімізде қанша нәзік жанды Қазақстан армиясында қызмет етеді

Елімізде қанша нәзік жанды Қазақстан армиясында қызмет етеді , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2026 09:16 Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
Бүгінде әйелдер ҚР Қарулы күштерінің ажырамас бөлігіне айналып, ер азаматтармен қатар әскери қызметтің түрлі бағыттарында кәсіби міндеттерін абыроймен атқарып жүр. Осы орайда Қорғаныс министрлігі елімізде қанша нәзік жанды қорғаныс саласында қызмет ететінін айтып берді.

Ведомство дерегінше, қазіргі таңда Қазақстан армиясының қатарында 7 мыңға жуық әйел қызмет етеді.

Олар әскери медицина, психология, қаржы, заң, байланыс, кадр жұмысы, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, іс жүргізу және ақпараттық технологиялар салаларында жауапты міндеттерді атқарып келеді.

"7 мың әскери қызметшінің мыңға жуығы – офицерлер, ал 6 мыңнан астамы – келісімшарт бойынша әскери қызметшілер. Сонымен қатар 11 әйел басшылық лауазымдарды атқарады",- делінген ақпаратта.

Соңғы жылдары әйелдердің әскери қызметтегі мүмкіндіктері едәуір кеңейді. Бүгінде олар жауынгерлік қамтамасыз ету бөлімшелерінде де қызмет атқарып, штаб офицері, нұсқаушы, ұшқыш, мерген және арнайы мақсаттағы бөлімшелердің әскери қызметшісі сияқты күрделі әскери мамандықтарды меңгеруде.

Елімізде қанша нәзік жанды Қазақстан армиясында қызмет етеді , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2026 09:16

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Сонымен қатар әйелдер ерлермен бірге парашютпен секіріп, ұшқышсыз ұшу аппараттарын құрастырып, басқарады және Қарулы күштердің жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі маңызды міндеттерді орындайды.

"2002 жылы Құрлық әскерлерінің әскери институтында алғаш рет "Байланыс" мамандығы бойынша әйел әскери мамандар даярланып шықты. Сол түлектердің көпшілігі бүгінгі күні де әскери қызметін жалғастырып, жоғары офицерлік шендерге, оның ішінде полковник әскери атағына дейін көтерілді",- делінген ақпаратта.
Елімізде қанша нәзік жанды Қазақстан армиясында қызмет етеді , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2026 09:16

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Бұл ретте, әуе қорғанысы күштерінің әскери институты әскери-медициналық факультетке қыздарды қабылдай бастады. Оқуды аяқтаған түлектерге "лейтенант" алғашқы офицерлік атағы беріліп, олар Қазақстан Қарулы күштері қатарында әскери қызметін жалғастырады.

Сондай-ақ, ведомство қолданыстағы заңнамада әйелдерді мерзімді әскери қызметке міндетті түрде шақыру көзделмегенін және қазіргі уақытта мұндай норманы енгізу мәселесі қарастырылып жатпағанын нақтылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: