Қазақстандағы аптап ыстық егінге қалай әсер етуде

Сильная жара, лето, высокая температура, термометр, зной, солнце, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2026 12:37 Фото: freepik
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов 2026 жылғы 14 шілдеде Үкіметтегі брифингте Қазақстандағы аптап ыстықтың егінге ықпалы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, ауа райының қатты ыстық болуына қарамастан, суармалы егістіктерді сумен қамтамасыз ету бойынша ешқандай мәселе жоқ.

"Негізгі суармалы алқаптар орналасқан оңтүстік өңірлерде су ресурстарын жеткізуге қатысты ешқандай қиындық байқалмайды. Су беру әрбір ауыл шаруашылығы тауарын өндірушімен бекітілген су пайдалану кестесі мен шарттарға сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Сондықтан суармалы жерлердегі өнімге алаңдауға негіз жоқ", – деді Азат Сұлтанов.

Вице-министрдің айтуынша, министрлік мамандары еліміздегі барлық астық егілетін өңірлерге барып, егіс алқаптарының жай-күйін тексерген.

Ол Қостанай облысы мен Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауған жаңбыр құрғақшылықтың салдарын едәуір жеңілдеткенін атап өтті.

"Сондықтан егістіктің 96 пайызының жағдайы жақсы немесе қанағаттанарлық деңгейде. Қурап кеткен немесе жойылған егіс алқаптары іс жүзінде жоқ. Дегенмен Ақмола облысының бір бөлігі мен Қарағанды облысында құрғақшылық байқалады. Бұл өңірлердегі жағдайды бақылауды жалғастырып жатырмыз. Нақты қорытындыны егін жинау науқаны жақындағанда ғана айтуға болады. Сонымен қатар шаруалар мұндай ауа райына алдын ала дайындалды. Олар құрғақшылыққа төзімді тұқым сорттарын пайдаланып, өсімдіктердің қарқынды өсу кезеңінде қоректенуін қамтамасыз ету үшін минералды тыңайтқыштарды кеңінен қолданды. Сондықтан қазіргі таңда егіннің едәуір бөлігінен айырылып қаламыз деген қауіп жоқ", – деп түйіндеді Азат Сұлтанов.

Бұған дейін Қазақстанда кәсіпкерлер саны жарты миллионға жуық адамға артқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: