Жасанды жаңбыр қай өңірде қолданылды: Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеме жасады
Фото: unsplash
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов 2026 жылғы 14 шілдеде Үкіметтегі брифингте жасанды жаңбыр технологияларын қолдану мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Журналистер аптап ыстықтың салдарын азайту мақсатында бұл технологиялар нақты қай өңірлерде қолданылғанын сұрады.
"Біздегі мәліметке сәйкес, мұндай тәжірибе тек Түркістан облысында жүргізілді", – деді Азат Сұлтанов.
Оның айтуынша, өңірде жасанды жаңбыр жаудыру бойынша шамамен 20 тәжірибе өткізілген.
"Бұл тәжірибелердің тиімділігі туралы бастамашылардың өздері толығырақ айтып береді деп ойлаймын. Өкінішке қарай, Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл экспериментке қатысқан жоқ", – деп қосты вице-министр.
Еске салайық, Қазақстанда жасанды жаңбыр жобасын іске қосу жоспары туралы 2026 жылдың мамыр айында белгілі болған еді. Жоба Біріккен Араб Әмірліктерімен бірлесіп жүзеге асырылуда. Алайда Түркістан облысының бақша өсірушілері мұндай жаңбырдан кейін қауын өнімінің 80%-ға дейінгі бөлігі шіріп кеткенін мәлімдеген болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript