Ауыл шаруашылығы министрлігі шілде айының соңына дейін қарбыз жемеуге кеңес берді

Супермаркет, маркет, продуктовый, продукты питания, арбуз, арбузы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2026 13:46 Фото: Zakon.kz
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов 2026 жылғы 14 шілдеде Үкіметтегі брифингте бақша өнімдерін тұтынуға қатысты өз ұсынымын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта қарбызды тұтынбаған жөн.

"Бақша дақылдарын өсіру технологиясы бойынша олардың шамамен төрт түрі бар. Біріншісі – үлдірдің (пленканың) астында өсірілетін ерте өнім. Екіншісі – орта мерзімде пісетін өнім. Үшіншісі – кеш пісетін өнім. Төртіншісі – жыл бойы өндірілетін өнім. Бақша өнімдерін шілде айының соңы мен қыркүйек аралығында тұтынған қауіпсіздеу. Себебі осы кезеңде олар түрлі қоспаларсыз, тыңайтқыштарсыз және өсу стимуляторларын қолданбай табиғи жолмен піседі. Сондықтан, әсіресе балаларға әзірге қарбыз жемей тұрған дұрыс", – деді Азат Сұлтанов.

Ол бұл пікірдің сарапшылық ұсыным сипатында екенін атап өтті.


"Сонымен қатар шетелден әкелінетін барлық жеміс-көкөніс өнімдері түрлі зиянкестер мен аурулардың жоқтығына қатысты міндетті фитосанитариялық бақылаудан өтеді", – деп қосты вице-министр.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысының диқандары экспортқа 220 тонна қарбыз жөнелткені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: