Қазақстанда кәсіпкерлер саны жарты миллионға жуық адамға артты
Фото: Zakon.kz
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2026 жылғы 14 шілдеде өткен Үкімет отырысында жыл басынан бері кәсіпкерлік субъектілерінің саны 20%-дан астам өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, еліміздегі кәсіпкерлік қызмет оң динамикасын сақтап, сыртқы және ішкі экономикалық өзгерістерге қарамастан тұрақты дамып келеді.
"Мемлекеттік кірістер комитетінің деректеріне сәйкес, биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 2 млн 939 мыңға жетті. Бұл – 2026 жылдың басымен салыстырғанда 499 мың субъектіге немесе 20,4%-ға көп. Оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 688 597 субъекті болды. Жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы саны 1 млн 860 мыңнан 2 млн 352 мыңға дейін өсті. Заңды тұлғалар саны 579 756-дан 587 117-ге дейін көбейді. Ал қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеушілер саны 135 845-тен 158 194-ке дейін артты", – деді Серік Жұманғарин.
Оның айтуынша, шағын және орта бизнес субъектілері санының артуы салалар бөлінісіндегі көрсеткіштерге де оң әсер еткен.
"Шағын заңды тұлғалардың саны тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 2,9%-ға, құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларында – 2,5%-ға, ақпарат және байланыс саласында – 2,4%-ға өсті. Сонымен қатар орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны жылжымайтын мүлік операциялары саласында – 5,8%-ға, қаржы және сақтандыру саласында – 3,2%-ға, өзге қызмет көрсету саласында – 3,1%-ға артты", – деді министр.
Еске салайық, бұған дейін Серік Жұманғарин Қазақстан экономикасының өсіміне негізгі серпін беріп отырған салаларды атап өтіп, елдегі инвестициялық ахуалға баға берген болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript