Жағымды жаңалық: Air Astana 15 шілдеден бастап Дубайға рейстерді қайта іске қосады

Авиакомпания Air Astana, Эйр Астана, самолет, самолеты, аэропорт в Алматы, аэропорт Алматы, алматинский аэропорт, международный аэропорт Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2026 14:22 Фото: Zakon.kz
Қазақстанның ең ірі әуе тасымалдаушысы Air Astana Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) Дубай қаласына тұрақты рейстерді қайта жаңғыртады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі Telegram-арнасында мәлімдеді.

"Air Astana 2026 жылғы 15 шілдеден бастап Алматы – Дубай – Алматы және Астана – Дубай – Астана бағыттары бойынша тұрақты рейстерді қайта бастауды жоспарлап отыр", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ әуе тасымалдаушы Таяу Шығыстағы геосаяси жағдайды тұрақты бақылап отырғанын атап өтті. Егер жағдай өзгерсе, рейстер кестесіне тиісті түзетулер енгізіліп, жолаушыларға бұл туралы дереу хабарланады.

Еске салайық, бұған дейін 13 және 14 шілдеге жоспарланған Астана мен Алматыдан БАӘ-ге ұшатын рейстер тоқтатылған болатын. Сол кезде жолаушыларға билеттің толық құнын қайтарып алу немесе 12–18 шілде аралығына жоспарланған рейстерді 31 шілдеге дейінгі кез келген күнге қосымша ақысыз ауыстыру мүмкіндігі ұсынылған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: