Есет Байкен Ұлытау облысының жаңа әкімі болып тағайындалды

Есет Байкен Ұлытау облысының жаңа әкімі болып тағайындалды , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2026 13:15 Сурет: gov.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 17 шілдеде Есет Байкенді Атырау облысының әкімі етіп тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми ақпарат Ақорданың Telegram-арнасында жарияланды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Есет Берікұлы Байкен Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды".

Есет Байкен

1986 жылы Қарағанды облысында туылған.

Қазақ гуманитарлық-заң университетінде "Қаржы" мамандығы бойынша орта арнаулы және жоғары білім алған. Сондай-ақ Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде "Құқықтану" мамандығы бойынша білімін тәмамдаған. Құқықтану және қаржы бакалавры.

  • 12.12.2008 – 18.02.2009 ж. – "Астана қаласының Экономика және бюджеттік жсопарлау басқармасы" ММ инвестициялық саясат және жоспарлау бөлімінің жетекші маманы м.а., Астана қаласы;
  • 18.02.2009 – 16.07.2009 ж. – "Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ инвестициялық саясат және жоспарлау бөлімінің жетекші маманы, Астана қаласы;
  • 16.07.2009 – 28.10.2010 ж. – "Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ инвестициялық саясат және жоспарлау бөлімінің бас маманы, Астана қаласы;
  • 28.10.2010 – 23.11.2010 ж. – "Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ құқықтық қамтамасыз ету және сатып алу бөлімінің бас маманы, Астана қаласы;
  • 23.11.2010 – 07.03.2013 ж. – Астана қаласы әкімі аппараты әлеуметтік-мәдени сала бөлімінің бас маманы, Астана қаласы;
  • 07.03.2013 – 26.08.2013 ж. – Астана қаласы әкімінің бас инспекторы, Астана қаласы;
  • 26.08.2013 – 08.08.2016 ж. Астана қаласы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы, Астана қаласы;
  • 09.08.2016 – 01.08.2017 ж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Хатшылығының сарапшысы, Астана қаласы;
  • 02.08.2017 – 31.01.2019 ж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, Астана қаласы;
  • 01.02.2019 – 03.07.2019 ж. – Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімі;
  • 29.08.2019 – 2020 ж Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппаратының басшысы;
  • 14.10.2020 – 02.2022 ж – "Сарыарқа" ауданының әкімі.
  • 09.02.2022 – 19.09.2022 ж. – Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары.
  • 19.09.2022 ж. – қазіргі уақытқа дейін – Астана қаласы әкімінің орынбасары болды.

Бұған дейін Дастан Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: