Ерлі-зайыптылар дер кезінде шығып үлгерген: Алматыда жеңіл көлік түгі қалмай жанып кетті
Сурет: Zakon.kz
Жүргізушінің айтуынша, жолда келе жатқанда көлік кенеттен өше басталған. Ер адам көлікті жол жиегіне тоқтатуға тырысқан, алайда оған үлгермей, қозғалтқыш бөлігінен кенеттен қою түтін шыға бастаған.
Жүргізуші бірден көлікті тоқтатып, өртті өрт сөндіргіштің көмегімен өз күшімен сөндіруге әрекет жасаған. Оған басқа жүргізушілер де көмекке келген.
Сондай-ақ сол маңнан су таситын көлік өтіп бара жатқан. Оның жүргізушісі де жалынды сумен өшіруге тырысқан. Алайда куәгерлердің барлық әрекетіне қарамастан, өрт өте жылдам тарап, көлікті толықтай шарпыған. Өрт сөндірушілер келгенге дейін көлік түгел жанып кеткен.
Көліктің ішінде ерлі-зайыптылар болған. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.
Оқиғаға байланысты Әл-Фараби даңғылының шығыс бағытындағы бөлігінде көлік қозғалысы уақытша қиындады.
Бұған дейін алматылық дәрігерлер газ баллоны жарылып, денесін 90% күйік шалған ер адамның өмірін сақтап қалғанын жазғанбыз.



