Алматы мен Алматы облысында электр энергиясының тарифін 20 тамыздан бастап көтеру жоспарланып отыр

Лампочка, лампочки, свет, отключение света, электричество, электроэнергия, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2026 12:02 Фото: unsplash
Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындарына электр энергиясы тарифінің қымбаттауы мүмкін екені туралы ескертілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ-ның "Энергосбыт" филиалы электр энергиясының жаңа шекті бағасы жобасын Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің келісуіне жолдады.

Жоба мақұлданған жағдайда, өзгерістер 2026 жылғы 20 тамыздан бастап күшіне енеді.

Ұсынысқа сәйкес, электр энергиясының шекті тарифі ҚҚС-сыз 1 кВт·сағат үшін 39,36 теңге мөлшерінде белгіленбек.

"Тарифті қайта қарау қажеттілігі Бірыңғай сатып алушы – "ЖЭК жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы" ЖШС-нен электр энергиясын сатып алу құнының өсуіне байланысты. 15 шілдеден бастап баға 1 кВт·сағат үшін 13 теңгеден 16 теңгеге дейін, яғни шамамен 23%-ға өсті", – деп түсіндірді компания Zakon.kz тілшісіне.

Сонымен қатар компания өкілдері тариф жобасы әзірге түпкілікті шешім емес екенін атап өтті.

Шекті тарифтің соңғы мөлшері Алматы қаласы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаменті жүргізетін сараптама мен келісу рәсімінен кейін айқындалады.

Еске салайық, 2026 жылғы 10 маусымда Алматыда коммуналдық қызметтердің бірінің тарифі көтерілетіні, алайда бұл өзгеріс барлық тұтынушыға бірдей қолданылмайтыны хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: