Ақтөбеде ер адамды көліктің жүксалғышында күштеп алып жүргендер ұсталды

Ақтөбеде адам ұрлаған күдіктілер ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2026 17:20 Сурет: polisia.kz
Ақтөбеде адам ұрлаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"102" арнасына бірнеше ер адамның бір азаматты күштеп автокөліктің жүксалғышына салып, белгісіз бағытқа алып кеткені туралы хабарлама түсті.

Адамды ұрлау сәті оқиға орнынан өтіп бара жатқан автокөліктің бейнетіркегіші арқылы түсіріліп қалған. Бұл бейнежазба қылмыстың мән-жайын анықтау барысында полиция зерттеген негізгі дәлелдердің бірі болды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері арнайы мақсаттағы бөлімше жауынгерлерінің қолдауымен күдіктілер мінген Lexus автокөлігін тоқтатып, оларды ұстады.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға жол үстіндегі жанжал себеп болған. Жәбірленуші жаяу жүргіншілер өткелімен өтіп бара жатқанда жүргізушінің әрекетіне ескерту жасаған. Осыдан кейін олардың арасында сөзге келу орын алған.

Кейін күдіктілер жәбірленушінің үйінің маңына келіп, оны күткен. Ер адам таксимен өз шаруасымен шыққан кезде олар көлікпен жолын бөгеп, таксиді тоқтатқан. Артынша жәбірленушіні күштеп көліктен шығарып, Lexus автокөлігінің жүксалғышына салып әкеткен.

Аталған факті бойынша адам ұрлау дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: