Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауына 545 кандидатты тіркеді

Референдум, выборы, избирательный бюллетень, бюллетень, бюллетени, избирательная урна, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2026 18:44 Фото: Zakon.kz
Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісов 2026 жылғы 23 шілдеде өткен ОСК отырысында Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін тіркеу кезеңі аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, 2026 жылғы 23 шілдедегі жағдай бойынша депутаттық мандатқа үміткер жеті саяси партияның тізіміне жалпы 545 кандидат енгізілген.

"Депутаттық мандаттардың жалпы саны – 145. Әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдардың өкілдігіне қойылатын талаптарды барлық саяси партия сақтады. Жалпы партиялық тізімдер бойынша аталған санаттардың жиынтық үлесі – 43,9%. Кандидаттардың 172-сі – әйел, 373-і – ер адам. Мүгедектігі бар адамдар – 19, 35 жасқа дейінгі кандидаттар саны – 74. Кандидаттардың орташа жасы – 45,4", – деді Шавхат Өтемісов.

Орталық сайлау комиссиясы төмендегі партиялардың кандидаттар тізімін тіркеді:

  • "Әділет" партиясы – 186 кандидат;
  • Respublica партиясы – 75 кандидат;
  • Қазақстанның халық партиясы – 72 кандидат;
  • "Ауыл" партиясы – 69 кандидат;
  • Қазақстанның демократиялық партиясы – 63 кандидат;
  • Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы – 47 кандидат;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 33 кандидат.

ОСК мәліметінше, барлық партия әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдардың өкілдігіне қатысты заң талаптарын орындаған. Жалпы партиялық тізімдер бойынша бұл санаттардың жиынтық үлесі 43,9% болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: