Той үстіндегі "Форсаж": Павлодарда BMW көлігінің жүргізушісі ірі көлемде айыппұл арқалады

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2026 09:52 Фото: Zakon.kz
Ақсу қаласында той алдындағы фотосессия кезінде мемлекеттік нөмірсіз қауіпті дрифт жасап, айналасындағыларға айқын қатер төндірген BMW автокөлігінің жүргізушісі жауапқа тартылды. Оқиға таспаланып, әлеуметтік желіде тарап кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлер оқиғаны әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында тіркеген. Тәртіп бұзушы тиісі жауапкершілікке тартылды.

"Автокөлік жүргізушісіне авариялық жағдай туғызғаны, жолаушыларды тасымалдау және қауіпсіздік белдігін пайдалану талаптарын бұзғаны, көлік құралын пайдалану ережелерін, сондай-ақ маневр жасау қағидаларын сақтамағаны үшін тиісті әкімшілік материалдар толтырылды", – деп мәлімдеді Павлодар облысының ПД.

Полиция жүргізушілерге жолдың көлік жүргізу шеберлігін көрсетуге және қауіпті тәжірибелер жасауға арналған орын емес екенін еске салады.

Бұған дейін Қостанай облысында Chevrolet Cobalt пен Jetour X70 соқтығысып, бір адам қаза тапқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: