Тоқаев әкесіне арналған ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды

Тоқаев әкесіне арналған ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2026 18:31 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы майдангер Кемел Тоқаевқа арналған ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Президенті соғыс ардагерлеріне арналған Омбы госпиталі ғимаратының қасбетіндегі Кемел Тоқаевтың ескерткіш тақтасына гүл шоғын қойып, Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан боздақтардың рухына тағзым етті.

Медицина мекемесінде 1941 жылғы шілдеден бастап соғыста жараланған 150 мыңға жуық жауынгер емделген.

Олардың арасында Мемлекет басшысының әкесі Кемел Тоқаев та болды. Ол бұл жерде 1945 жылдың ақпанынан шілде айына дейін ем алған.

Бұдан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев майдангерлерге арналған Омбы госпиталінің құрылу тарихымен және қызметімен танысты.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ХХІІ Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Омбы қаласына барғанын хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: