"Қазақстандағы жалғыз мекеме": ДСМ психиатриялық ауруханаға түскен шағымдар бойынша мәлімдеме жасады

"Қазақстандағы жалғыз мекеме": ДСМ психиатриялық ауруханаға түскен шағымдар бойынша мәлімдеме жасады , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2026 12:58 Сурет: Telegram/DenMinPR (ЖИ көмегімен жасалған)
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жіті бақыланатын республикалық психиатриялық ауруханаға тексеру жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 29 шілдеде ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Соңғы уақытта бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі республикалық психиатриялық ауруханада пациенттердің ұсталуы жағдайларына қатысты шағымдар жарияланды. Денсаулық сақтау министрлігі мұндай әрбір өтінішті онда келтірілген фактілерді жан-жақты әрі объективті зерделеуге негіз ретінде қарастырады. Денсаулық сақтау министрінің тапсырмасы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті аталған мекеменің қызметіне кешенді тексеру жүргізуді бастайды".

Ведомство нақтылағандай, мамандар медициналық құжаттаманы, емдеу процесінің ұйымдастырылуын, пациенттердің болу жағдайларын, лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттерін, сондай-ақ ем қабылдап жатқан азаматтардың құқықтарының сақталуын зерделейді.

"Тексеруге өз құзыреті шегінде уәкілетті мемлекеттік органдар, оның ішінде прокуратура органдары мен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл тартылады. Тексеру қорытындысы бойынша барлық келтірілген фактілерге объективті баға беріледі. Егер заң бұзушылықтар анықталатын болса, Министрлік заңнамаға сәйкес тиісті ден қою шараларын қабылдап, кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады". ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Министрлік бұл еліміздегі осы бейіндегі жалғыз мамандандырылған медициналық мекеме екенін атап өтті.

"Мұнда соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған пациенттер ем қабылдайды. Бұл қарапайым стационар емес. Мекеме бір мезгілде екі маңызды міндетті орындайды: ауыр психикалық бұзылыстары бар адамдарға мамандандырылған психиатриялық көмек көрсетеді және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтай отырып, сот шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Мекемедегі пациенттердің 80%-дан астамы жеке адамға қарсы ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған". ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Белгілі болғандай, аталған мекемеде ерекше емдеу-қорғау режимі қолданылады.

"Бұл – пациенттердің, медицина қызметкерлерінің және қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, емдеу, оңалту және психикалық денсаулықты қалпына келтіру үшін қажетті жағдай жасауға бағытталған медициналық, ұйымдастырушылық және профилактикалық іс-шаралар кешені".ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі пациенттерді қолдау қызметінің жұмысын жетілдіруді жоспарлап отырғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: