Қос велосипед ұрлығы бір күнде ашылды: Қарағандыда екі күдікті ұсталды

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2026 15:46 Фото: Zakon.kz
Қарағанды қаласында полицейлер екі бірдей велосипед ұрлығын жедел түрде ашып, қылмысқа қатысы бар деген күдікпен екі азаматты ұстады.

Қарағанды қаласы Ә.Бөкейхан атындағы полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жуырда жасалған екі велосипед ұрлығының "ізі суымай" ашылды.

Бірінші жағдайда 25 жастағы қала тұрғыны балалардың аулада бірнеше минутқа қараусыз қалдырған велосипедін иемденіп кеткен.

Ұрлық салдарынан жәбірленушіге 50 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген. Екінші оқиғада 36 жастағы Қарағанды тұрғыны көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісіне заңсыз кіріп, құны 380 мың теңге болатын велосипедті қолды еткен.

Тергеу мәліметінше, күдіктінің әрекеті алдын ала ойластырылған. Полицейлердің жедел әрі үйлесімді жұмысының нәтижесінде екі күдікті де қысқа мерзім ішінде анықталып, ұсталды. Ұрланған велосипедтер тәркіленіп, заңды иелеріне қайтару мәселесі қарастырылуда.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар ұсталған азаматтардың осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: