"Күн 44 градусқа дейін ысиды". Еліміз бойынша дауылды ескерту жарияланды

Күн, аптап ыстық, 1 тамыз, дауылды ескерту, ауа райы болжамы, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2026 21:19 Сурет: magnific
Қазақстанның бірқатар өңірлерінде 2026 жылдың 1 тамызында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астанада 1 тамызда күннің екінші жартысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады деп болжанады. Күндіз оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Елордада күндіз 35-37 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.

Түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз өңірдің оңтүстігінде, шығысында 37 градус қатты ыстық болып, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі. Соққан желдің екпіні - 15 м/с.

Күндіз Алматы облысының шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-39 градус қатты ыстық болып, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде төтенше, ал шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда күндіз 35-37 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаевта күндіз 37-39 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, өңірдің батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. Оңтүстік-батыста жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі, жел екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-18 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 1 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болатыны болжанады. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық болып, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Абай облысының оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні – 15-18 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық болып, облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, ал солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 1 тамызда күндіз 35 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнап, кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауады, күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, ал оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда 1 тамызда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Жетісу облысында 1 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 25 м/с дейін жетеді.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні – 15-18 м/с. Күндіз облыста 38-40 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі, ал солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 1 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында солтүстік-батыстан соққан желдің түнде облыстың солтүстігіндегі екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыс бойынша 40-43 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 1 тамызда күндіз 40-42 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Облыс бойынша 38-40 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі, ал облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 1 тамызда күндіз 38 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, ал облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда 1 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болып, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, ал шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда 1 тамызда күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні – 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық болады деп күтіледі.

Бұған дейін синоптиктер Алматы қаласы бойынша алдағы бір аптаға, яғни 2026 жылғы 1-7 тамыз аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: