Қазақстандық альпинист Конституция мен домбыраны Памир шыңына алып шығып, патриотизмді паш етті

Әлібек Қайырбек, Памир шыңы, Конституция, домбыра, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2026 16:57 Сурет: ҚР Конституциялық сотының баспасөз қызметі
Қазақстандық альпинист, музыкант, Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драма театрының әртісі Әлібек Қайырбек Памир тау жүйесіндегі биіктігі 6148 метр болатын "Раздельная" шыңына еліміздің қолданыстағы Конституциясы мен қазақтың домбырасын алып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл экспедиция Қазақстанды, оның мәдениетін, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтарын халықаралық деңгейде насихаттауға бағытталған "Әлем шыңдарындағы домбыра" халықаралық мәдени-патриоттық жобасы аясында жүзеге асырылды. Жоба аясында Әлібек Қайырбек Еуропа, Африка, Гималай, Тянь-Шань және Памирдің ең биік шыңдарына көтеріліп, қазақтың күй өнерін әлемге танытып келеді. Әрбір экспедиция Қазақстан Республикасын лайықты таныстыруға, қазақ халқының бай тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі мен жетістіктері туралы халықаралық қауымдастыққа кеңінен ақпарат беруге мүмкіндік береді, деп хабарлады 2026 жылғы 1 тамызда Конституциялық соттың баспасөз қызметі.

"Раздельная" шыңында Әлібек Қайырбек домбырамен қазақ күйлерін орындап, Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясын көтерді. Халықаралық экспедициялар барысында ол әртүрлі мемлекеттерден келген альпинистерге Қазақстанның тарихы, мәдениеті, мемлекеттік рәміздері және еліміздің Ата Заңы туралы таныстырады", делінген хабарламада.
Памир шыңы, Қазақстандық альпинист, Конституция, домбыра , сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2026 16:57

Сурет: ҚР Конституциялық сотының баспасөз қызметі

Айта кетсек, 2025 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай Әлібек Қайырбек тарихта тұңғыш рет Конституцияны Гималайдағы Айленд-Пик шыңына алып шыққан болатын. Ал 2026 жылы ол осы патриоттық дәстүрді жалғастырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясын Памир шыңына көтерді.

Бұл бастама Қазақстанның халықаралық беделін нығайтуға, конституциялық құндылықтарды, ұлттық мәдениетті және отансүйгіштік рухты дәріптеуге ықпал етеді.

Бұған дейін Алматы тауларында төтенше оқиға орын алып, ресейлік қос альпинист жарақат алғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: