Қазақстан президенті "Бейнеу – Сексеуіл" жолын "Арал – Каспий магистралі" деп атауды ұсынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қызылорда – Сексеуіл", "Ұлғайсын – Сексеуіл" және "Бейнеу – Сексеуіл" автокөлік жолдары құрылысының басталуына арналған телекөпірде сөз сөйледі, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2026 12:22 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қызылорда – Сексеуіл", "Ұлғайсын – Сексеуіл" және "Бейнеу – Сексеуіл" автокөлік жолдары құрылысының басталуына арналған телекөпірде сөз сөйледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев "Бейнеу – Сексеуіл" бағытында ұзындығы 800 шақырым болатын мүлде жаңа жолдың құрылысы басталғанын атап өтіп, бұл бағытты халықаралық маңызы бар автожол деп атады.

"Бұл жол еліміздің өңірлері арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, Қытай мен Еуропаны жалғайтын "алтын көпір" қызметін атқарады. Жоба Қытай шекарасындағы өткізу бекеттерін Ақтау және Құрық порттарымен тікелей байланыстырады. Соның нәтижесінде Қытайдан Еуропаға дейінгі жүк тасымалдау бағыты 1 мың шақырымға қысқарып, жүкті жеткізу мерзімі 3 тәулікке дейін азаяды, – деді Президент.

Мемлекет басшысы халқымыздың таным-түсінігінде құдық қазу мен көпір салу сауапты іс саналатынына назар аударды.

"Осы тұрғыдан алғанда, біз игілігін өзіміз де, өзгелер де көретін, баршаға ортақ аса жауапты жұмысты бастап отырмыз. "Бейнеу – Сексеуіл" бағыты республикалық, аймақтық және құрлықтық деңгейдегі маңызды жол болары анық. Сондықтан бұл жолды "Арал – Каспий магистралі" деп атаған дұрыс, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев үш стратегиялық автожолдың құрылысын бастап бергені туралы жаздық.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: