Иммигранттар қазақ тілін білу деңгейі бойынша тест тапсырады: құны мен талаптары белгілі болды

Эмигранты, эмиграция, мигранты, миграция, иммигранты, иммиграция, приезжий, приезжие, репатриация, репатрианты, кандас, кандасы, паспорт гражданина РК, документы, паспорт РК, паспорт Казахстана, паспорт Республики Казахстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2026 16:15 Фото: Zakon.kz
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы 2026 жылғы 3 тамызда иммигранттар үшін маңызды ақпар жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шетелдіктерге қазақ тілі бойынша тестілеудің талаптары мен оған қалай қатысуға болатындығы түсіндірілді:

Өтінімдер app.testcenter.kz сайтында қабылданады:

  • сайтқа тіркеліңіз;
  • "Өтініш беру" басыңыз;
  • "Қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ" таңдаңыз.
  • "Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келетін иммигранттарға арналған онлайн диагностикалық тестілеу" басыңыз.

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу 2 блоктан тұрады:

  • Тыңдалым – 20 тест тапсырмасы,
  • Оқылым – 40 тест тапсырмасы.

Тестілеу ұзақтығы – 70 минут. Оған қатысу құны – 9 000 теңге.

Тұрақты тұруға келетін иммигранттар үшін ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша онлайн-диагностикалық тестілеу өткізу кестесі:

Иммигранттар қазақ тілін білу деңгейі бойынша тест тапсырады: құны мен талаптары белгілі болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2026 16:15

Сурет: Telegram/uto92

Бұған дейін министр ҰБТ-дан 140 балл жинаған түлекпен кездескенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: